«С.М. Киров атындағы зауытта» электроника және ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдегі ең ірі көшбасшылардың бірі Қытайдың мемлекеттік корпорациясы China Electronics Technology Group Corporation (CETC) делегациясымен кездесу өтті.
Жұмыс сапары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, жоғары технологиялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған.
Сапар барысында CETC өкілдері зауыттың өндірістік мүмкіндіктерімен таныстырылып, кәсіпорынның негізгі цехтары мен бөлімшелерін аралады.
Қонақтарды электронды компоненттер өндірісін локализациялау, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін техникалық құжаттаманы әзірлеу және енгізу мәселелері ерекше қызықтырды. Олар зауыттың техникалық жарақтандырылуына және инженерлік қызметкерлерінің біліктілігіне жоғары баға берді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ мен CETC корпорациясы арасындағы әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат жоғары технологиялар саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуды, технологиялық тәуелсіздік деңгейін арттыруды және халықаралық өндірістік ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді.
Мұндай өзара іс-қимыл инновацияларды енгізу үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады, зауыт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді және Қазақстанның жетекші әлемдік компаниялармен өнеркәсіптік кооперация саласындағы сенімді әріптес ретіндегі ұстанымын нығайтады.