Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ Lenovo-ның уәкілетті сатушысы болды

Lenovo 360 Engage бағдарламасының қатысушысы ретінде «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ Authorized Intelligent Devices tier мәртебесін алды. Бұл мәртебе Lenovo компаниясының Intelligent Devices коммерциялық өнімдерінің барлық спектрін, соның ішінде ілеспе қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Бұл санатқа ThinkPad және ThinkBook ноутбуктары, ThinkCentre үстелдік компьютерлері, жұмыс станциялары, мониторлар, аксессуарлар, перифериялық құрылғылар және т.б. кіреді.

Сондай-ақ, зауыт Infrastructure Solutions tier мәртебесіне ие болды, сондықтан барлық Infrastructure Solutions өнімдерін қайта сатуға уәкілетті.

Бұл салаға ThinkSystem және ThinkAgile серверлері мен сақтау жүйелері, сондай-ақ байланысты опциялар, бағдарламалық жасақтама және әртүрлі ақпараттық қызметтер кіреді.

«Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобы Lenovo-ны инновациялық технологиялар мен ақпараттық сенімділікті ұсынатын сенімді халықаралық серіктес ретінде қарастыратынын айта кету қажет.

Кері қайту